Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау

Қызмет көрсету мерзімі:

Күндізгі оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусым мен 20 тамыз аралығынд.
Кешкі және сырттай оқу нысанына - күнтізбелік жылдың 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында.
Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша - күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20. .шілдесі.аралығында

Қызметке кім жүгіне алады:

18 жасқа дейінгі талапкерлер заңды өкілдерімен бірге, сондай-ақ 18 және одан жоғары талапкерлер өз бетінше.

Қызметті алу үдерісі

1
Білім беру ұйымының каталогындағы колледжді таңдаңыз
Сіздің ауданыңыз бойынша ұсынылған білім беру ұйымының каталогынан ең қолайлы колледжді таңдаңыз.
2
Таңдалған колледжге түсу үшін мамандықты таңдаңыз
Тізімнен мамандықты таңдаңыз.
3
Таңдалған колледжге түсуге өтініш беріңіз
Колледжге түсу үшін өтінішті электронды түрде толтырыңыз.
4
Келесі құжаттарды тіркеңіз
Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 200 Бұйрығы”.

Колледжге талапкерлерді қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:

a. Қабылдау туралы еркін нысандағы өтініш;
b. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
c. 3x4 см өлшемді 4 фотосурет;
d. 086-У нысанындағы медициналық анықтама флюросуретімен қоса (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін - медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);
e. Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болса).

f. Жеке басын куәландыратын құжаттар.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да жүктеуі қажет:

g. Шетелдік - ҚР-да шетелдіктің тұруға ықтиярхаты;
h. Азаматтығы жоқ адам-азаматтығы жоқ ада;
i. Босқын-босқын куәлігі;
j. Пана іздеген тұлға - пана іздеген адамның куәлігі;
k. Оралман - оралман куәлігі.
5
Өтінішті жолдаңыз және оны тексеру нәтижесін күтіңіз
"college.snation.kz" жеке кабинетіңізге өтінішіңіздің мәртебесін өзгерту туралы хабарлама келеді.
6
Құжаттарды қарағаннан кейін түсу емтихандарын өтіңіз
Колледждің қабылдау комиссиясының қызметкерлері сіздің "college.snation.kz" жеке кабинетіңізге өтінішіңізді қарастырғаннан кейін тестілік, ауызша немесе жазбаша форматта түсу емтиханынан өту үшін талапкерді шақыру туралы хабарлама келеді.
7
Талапкерді Колледжге қабылдау туралы шартқа қол қою
Қабылдау туралы шартқа қол қоюға шақыру. Талапкерді таңдаған колледждің бірінші курсына қабылдау.

Жиі қойылатын сұрақтар