Аймақты таңдаңыз
Қазақша
Русский
Тіркелу Кіру
Басты
Тегін тамақтандыруды ұсыну
Тегін тамақтандыруды ұсыну

Қызмет көрсету мерзімі:
10 күнтізбелік күн.

Қызметке кім жүгіне алады:

Азаматтардың жеке санатына жататын ТжКБ оқушылары, қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы тұлғалар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілері.

Қызметті алу үдерісі

1
college.snation.kz порталына өз логиніңіз бен құпия сөзіңіз арқылы кіріңіз
Логин-жүйеде тіркелу кезінде сіз тіркелген телефон нөмірі.
2
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беріңіз
Өтініш беруді екі тәсілмен бастауға болады - сайттың басты бетінде мемлекеттік қызмет мәзірін таңдау немесе пайдаланушы профилінде тиісті мәзірге өту арқылы.
3
Келесі құжаттарды тіркеңіз
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне, сондай-ақ қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну" бұйрығы негізінде

Өтінішті растау үшін құжаттар:

a. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
b. өтініш;
c. Туу туралы куәліктің көшірмесі - көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін;
d. Жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін-қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалардың көшірмелері;
e. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін-психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;
f. Өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама;
g. Табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата - аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстары) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.
4
Өтінішті жолдаңыз және оны тексеру нәтижесін күтіңіз
"college.snation.kz" жеке кабинетіңізге сіздің өтінішіңіздің мәртебесін өзгерту туралы хабарлама келеді.
5
Тексеруші тараптың шешімін күтіңіз
"college.snation.kz" жеке кабинетіңізге өтінішіңіздің мәртебесін өзгерту туралы хабарлама келеді.
Қызметке онлайн тапсырыс беру

Жиі қойылатын сұрақтар