Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беруге өтініш
Қызмет көрсету мерзімі:
3 жұмыс күн
Қызметке кім жүгіне алады:
Колледжде оқитын жеке тұлғалар.
Қызметті алу үдерісі
1
college.snation.kz порталына өз логиніңіз бен құпия сөзіңіз арқылы кіріңіз
Логин жүйеде тіркелу кезінде сіз тіркелген телефон нөмірі болып табылады.
2
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беріңіз
Өтінішті екі тәсілмен беруге болады - сайттың басты бетінде мемлекеттік қызмет мәзірін таңдау немесе пайдаланушы профилінде тиісті мәзірге өту арқылы.
3
Келесі құжаттарды тіркеңіз
Білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы "мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығының негізінде
a. Электрондық құжат нысанындағы жатақханадан орын беру туралы өтініш;
b. Оралман мәртебесі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
c. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, отбасы болған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтама;
d. Ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік (жетім балалар үшін), немесе балалар үйінен анықтама;
e. Отбасында 4 және одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көп балалы отбасының балалары үшін);
f. Мүгедектікті растау туралы анықтама;
g. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқығын растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама.

4
Өтінішті жолдаңыз және оны тексеру нәтижесін күтіңіз
"college.snation.kz" жеке кабинетіңізге өтінішіңіздің мәртебесін өзгерту туралы хабарлама келеді.
5
Тексеруші тараптың шешімін күтіңіз